ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы, ҚазОРҒЗИ АҚ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар шеңберінде ядролық медицинаны, радионуклидтік терапияны дамыту туралы баяндама жасады.

ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы, ҚазОРҒЗИ АҚ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар шеңберінде ядролық медицинаны, радионуклидтік терапияны дамыту туралы баяндама жасады.

«Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар” Үкіметінің 2023 жылғы 05 қазандағы № 874 қаулысымен бекітілген.

Осы кешенді жоспар бес негізгі бағыттан тұратын қызметті жаңғыртуға бағытталған:
тәуекел факторларының алдын алу және басқару, жоғары тиімді ерте диагностика, мамандандырылған емдеуді дамыту, паллиативтік көмек және оңалту, кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту.

Жоспардың мақсаты – онкологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы қатерлі ісіктерден ауыртпалығын азайту.
Жаңа кешенді жоспар онкологиядағы өзекті мәселелерді шешуге арналған, қатерлі ісік ауруының жиілігін төмендету, онкологиялық науқастардың өмір сүруін арттыру үшін қажетті негізгі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті бес жылдық стратегия.

Жоспардың іс-шаралары дамыған Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы онкологиялық ауруларды алдын алу, диагностикалау және емдеу саласындағы медициналық көмек ретіндегі алшақтықты жоюға мүмкіндік береді, қазіргі уақытта қатерлі ісіктері бар пациенттерді стационарлық емдеуден амбулаториялық күтімнің неғұрлым заманауи түрлеріне көшіп, сонымен бірге олардың мемлекеттік қолдауын сақтауды жалғастырады.

Сондай-ақ, елімізде қажетті медициналық онкологиялық көмектің толық спектрін ұсынуды қамтамасыз ету нәтижесінде импортты алмастыруға баса назар аударылатын болады.

Ядролық медицинаны, атап айтқанда оның екі бағытын – диагностика мен емдеуді дамыту да жаңа Кешенді жоспардың басты міндеті болып табылады.

Қазақстандық мамандар радионуклидтік терапия мен диагностиканы белсенді дамытуды, қажетті радиофармацевтикалық препараттардың спектрін кеңейтуді жоспарлап отыр және оларды аурудың ерекшелігін, зардап шеккен органды және пациенттің генетикалық ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеуге және қолдануға дайын. Кешенді жоспар аясында Ақтөбе, Қарағанды қалаларында ПЭТ/КТ диагностикасының жаңа орталықтарын ұйымдастыру жоспарланған. ПЭТ зерттеулерін Gа, 18F-DOPA, 68Ga-DOTA-мен кеңейту жоспарлануда.

Қазақстандық онкологтардың практикасына тераностиканы енгізудің маңыздылығы айқындалуда. “Тераностика” ұғымы ағылшын тіліндегі “терапия” және “диагностика”сөздерінен шыққан. Ол диагностиканы, мақсатты терапияны және емдеу әсерін бақылауды біріктіреді.
Тераностика әдістері: дәстүрлі емдеу тәсілінен заманауи “жекелендірілген медицина” тәсіліне көшуге мүмкіндік береді, өйткені олар ауруға емес, пациентке бағытталған. Тераностикалық тәжірибелер үшін диагностика мен терапияға көмектесетін суреттерді алуға болады, сонымен бірге сол препарат мақсатты емдеу үшін қолданылады. Бұл тәсіл қажет емес емдеу әдістерін жоя алады және стандартты опциялар сәйкес келмеген немесе жеткіліксіз болған кезде терапияны таңдауды оңтайландыруға көмектеседі.

Ядролық медицина тарихындағы алғашқы тераностикалық препарат радиоактивті йод болып табылады, ол қалқанша безінің ауруларын емдеу және бейнелеу үшін 40 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Бұл әдіс біздің еліміздің аумағында 2021 жылдан бастап Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында сәтті енгізілді.

ҚР-да тераностиканың даму перспективалары 99 mТc-технеформен диагностика жүргізу, ал 153Sm–оксабиформен терапияны түрлі онкологиялық аурулар кезінде жүргізу болып табылады.
Радионуклидті препараттарды қолдану арқылы емдеуді дамытудың тағы бір перспективалы бағыты – радиоэмболизация. Оны бауырдың бастапқы және метастатикалық ісіктері кезінде қолданады. Технология иотоптың зақымдалған органға тура енгізуді көздейді (90Y – бета-Эмитент, 166Ho – бета-эмитент).

Кешенді жоспардың іс-шаралары шеңберінде оң өзгерістер онкологиялық көмектің барлық бағыттарында іске асырылатын болады және әрбір онкологиялық науқасқа қатысты болады.

Жоспарды іске асыру нәтижесінде онкологиялық аурулардың ерте (0-I) сатыларының үлесі 2027 жылға қарай 35% – ға дейін артады деп күтілуде. Бұл ретте 2027 жылға онкологиялық ауруларының дамыған жағдайларының визуалды түрлері (III-IV сатысы) үлесін 10% – ға дейін төмендету болжанады.
Онкологиялық аурулары бар пациенттерді сәулемен емдеумен қамтудың өсуі 2027 жылға қарай 53% – ға жетеді.
Онкологиялық аурулардан болатын өлімнің төмендеуі 2027 жылға қарай 100 мың тұрғынға шаққанда 64,5-ке дейін болжанады.

АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ:
Қазақстанда жыл сайын 37 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады. 19 мыңнан астам адам қайтыс болады. Есепте тұрған онкологиялық науқастардың контингенті өсуді жалғасуда және 2022 жылдың соңына қарай олардың саны 205 мыңнан астам адамды құрады.

Онкологиялық аурулардың құрылымында бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында – өкпе обыры, үшінші орында – колоректальды обыр, төртінші орында-асқазан обыры тұр.

Өлім-жітім құрылымында бірінші орынды өкпе обыры, екінші орынды асқазан обыры, үшінші орынды колоректальды обыр, төртінші орынды сүт безі обыры алады.

Ересектерге онкологиялық көмекті республикалық ұйымдар жүзеге асырады: бұл “Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты”, “Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық”, 15 онкологиялық диспансер (Орталық), көп бейінді стационарлар жанындағы 5 онкологиялық бөлімше.

Онкологиялық көмектің бірінші деңгейін 2 378 қарау бөлмесі, сондай-ақ 499 онкологиялық кабинет жұмыс істейтін алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары (МСАК) көрсетеді.

Балаларға онкологиялық көмекті 3 республикалық ұйым – Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және “Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық” ЖШС, өңірлердегі балалар ауруханаларының мамандандырылған гематологиялық бөлімшелері көрсетеді.