ҚазОРҒЗИ қызметкерлері қалалық сейсможаттығуға қатысты

ҚазОРҒЗИ қызметкерлері қалалық сейсможаттығуға қатысты

2022 жылғы 2 желтоқсанда сағат 11:00-де Алматы қаласында жалпықалалық жоспарлы сейсможаттығу өткізілді.

Сейсможаттығудың бірінші кезеңінде теледидар мен радио арналарын автоматты түрде қамтумен электр сиреналары қосылады және тұрғындар «Баршаның назарына!» бірыңғай сигналдарымен құлақтандырылды.

Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар жыл сайын халықты жер сілкінісіне даярлау мақсатында жүргізіледі.

Сейсмология Институтының ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, үстіміздегі жылдың аяғына дейін қала аумағында 7 немесе одан да жоғары баллдық күшті жер сілкінісі күтілмейді.

Осыған байланысты, қалалық ТЖД Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын өткізілетін сейсмикалық жаттығуға түсіністікпен қарап, үрейге бой алдырмауға және аталған жаттығуларға қатысып, белсенділік танытуға шақырды.