Жарияланған уақыты 17 қараша 2017
Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдігімен бірлесіп, Дүниежүзілік балалар күнін тойлау шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Болашақ медицинасы» тақырыбына байқау жариялайды.
5 жастан 18 жасқа дейінгі барлық балаларды «Болашақ медицинасы» тақырыбына бейнеролик (1-2мин) немесе ең үздік эссеге байқауға қатысуға шақырамыз. Шығармашылық жұмыстар 2017 жылы 21 қараша күні сағат 12:00 дейін қабылданады. Бас жүлде – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездесуге шақыру және Астана қ. ең үздік республикалық медициналық мекемелердің біріне экскурсия. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерде барлық жұмыстарды электрондық поштаға minzdrav2017@gmail.com жіберуді және қосымша мәселелер бойынша 87172742958 нөмірге хабарласуды сұраймыз.