ҚазОРҒЗИ жас дәрігерлері шетелде тағылымдамадан өтуде

ҚазОРҒЗИ жас дәрігерлері шетелде тағылымдамадан өтуде

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының химиотерапевті Айнұр Кенжаева АҚШ-тың Чикагодағы Американдық клиникалық онкологтар қоғамының жыл сайынғы конференциясына (ASCO annualmeeting) қатысты. Маусым айында ДСХТ бөлімшесінің химиотерапевті Айнұр Кенжаева американдық клиникалық онкологтар қоғамының (ASCO) жас онкологтарға арналған IDEAPROGRAM грантын жеңіп алды. IDEA бағдарламасына Латын Америкасынан, Үндістаннан және Португалиядан және т.б. әртүрлі елдерден келген келген онкологтар қатысты. Сондай-ақ, жыл сайынғы ASCO конференциясы онкологиядағы беделді конференциялардың бірі болып табылады және әлемнің 30 мыңнан астам онкологтарын жинайды. Конференцияда 5000-нан астам ғылыми мақалалар талқыланды, Қалқанша безінің обырына арналған А. Кенжаеваның тезисі Journal of Clinical Oncology журналының онлайн нұсқасында жарияланды. Конференция аясында сарапшылар онкоиммунология, онкогенетика және онкологиялық диагностика және емдеудің басқа да жаңа тәсілдері туралы революциялық деректерді ұсынды. Сондай-ақ, IDEA бағдарламасы бойынша дәрігер А. Кенжаева (АҚШ, Вашингтон) Сиэтл қаласындағы Seattle Cancer Care Alliance клиникасында 3 күндік тағылымдамадан өтті. Seattle Cancer Care Alliance әлем бойынша рак ауруларын емдеу клиникаларының бестігіне кіреді. А. Кенжаева күндізгі химиотерапия стационарында тәжірибеден өтті, оның басымдық бағыты сүт безі обырының химиотерапиясы болып табылады.

Seattle Cancer Care Alliance клиникасында тағылымдамадан өту кезінде А. Кенжаева клиникада өткізілген қазіргі заманғы клиникалық зерттеулер мен сүт безі обырын диагностикалау әдістерімен танысты.

Жас дәрігер тәжірибеде алған жаңа білімдерін ҚазҒЗИ онкологиясына және радиологиясына қолдануға және Қазақстандағы онкологиялық қызметті жақсартуға үлес қосуға үміттенеді!