ҚАЗАҚСТАНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАР МӘМС АЯСЫНДА ОҢАЛТУДАН ӨТЕ АЛАДЫ – Ажар Ғиният

ҚАЗАҚСТАНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАР МӘМС АЯСЫНДА ОҢАЛТУДАН ӨТЕ АЛАДЫ – Ажар Ғиният

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ажар Ғиният халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету туралы хабарлады.
“Қазақстанда медицинаның бірқатар бағыттары халықаралық деңгейге шыға бастады. Халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің 80 түрі бойынша қолжетімділік қамтамасыз етілген. Бұл ретте 2021 жылы 18,7 мыңға жуық жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді”, – деді министр.
Сонымен, отандық кардиохиргтар қан айналымын механикалық қолдау үшін жүректің жасанды сол жақ қарыншасын имплантациялауды сәтті жүзеге асыруда. 2021 жылы 47 құрылғы (LVAD) имплантацияланды.
2021 жылы Орталық Азия елдерінде орталық жүйке жүйесі ауруларын радиохирургиялық емдеуге арналған алғашқы Гамма-пышақ орталығы ашылды. 2021 жылы 263 операция жасалды.
Семей қаласында Ядролық медицина орталығы жұмысын бастады. 2021 жылы 15 науқасты диагностикалау және 217 науқасты емдеу жүргізілді.
Қатерлі ісіктері бар пациенттерді емдеуге арналған 2 Томотерапия орталығы жұмыс істейді. 2021 жылы 116 адам ем қабылдады.
Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту үшін жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемін 30%-ға арттыруға қаражат бөлінді.
“Онкологиялық көмекті жетілдіру шеңберінде томотерапия, сәулелік терапия, радиойодтерапия сияқты диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне көрсетілетін қызметтер көлемі ұлғайтылатын болады. Сондай – ақ, биылдан бастап МӘМС қаражаты есебінен алғаш рет онкологиялық науқастарға медициналық оңалту көрсетілетін болады”, – деп хабарлады Ажар Ғиният.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, республика бойынша МЖӘ аясында Семей, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 4 ПЭТ-орталық ашу жоспарлануда.
Осылайша, бұрын осы жоғары технологиялар бойынша шетелге емделу үшін барған пациенттердің ел ішінде емделу мүмкіндігі бар.