ҚазОжРҒЗИ онкологтары стоматологтар мен ЛОР дәрігерлеріне онкологиялық сақтық бойынша вебинар өткізеді

ҚазОжРҒЗИ онкологтары стоматологтар мен ЛОР дәрігерлеріне онкологиялық сақтық бойынша вебинар өткізеді

2022 жылғы 12-26 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен онкологиялық аурулардың ерте диагностикасын арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қазақ онкология және радиология ҒЗИ өңірлердің амбулаториялық-емханалық ұйымдарының стоматологтары мен ЛОР-дәрігерлеріне арналған вебинарлар сериясын өткізеді.
Вебинарлар барысында онкологиялық патологияны ерте және уақтылы анықтау, ісік зақымдануына күдікті пациенттерді қайта бағыттау, бас пен мойынның қатерлі ісіктерінің диагностикасы мен ағымының ерекшеліктері бойынша әртүрлі бейіндегі мамандардың өзара іс-қимыл мәселелері талқыланатын болады. Сондай-ақ, бастапқы онкологиялық науқастың бағыты бойынша, «Жасыл дәліз», онкологиялық сақтану индикаторлары, сонымен қатар, бас және мойын ісіктерінің сырқаттану мәселелері, себептері мен ерекшеліктері бойынша түсініктемелер беріледі.

Вебинар спикерлері:
1) А.Ж. Жылқайдарова, м.ғ.к., ҚазОжРҒЗИ онкологиялық көмек және скринингтерді ұйымдастыру мониторингі бөлімінің басшысы;
2) М.Е. Қайбаров, м.ғ.к., ҚазОжРҒЗИ бас және мойын ісіктері орталығының басшысы.

Бас және мойын ісіктері – бас және мойын мүшелерінің 30-дан астам шоғырланған ісіктер тобы, олардың ең көп тарағаны ауыз, жұтқыншақ, көмей ісіктері. Мұрын, мұрынның қос тесігінің синуситі, қосалқы қуысының, сілекей бездері және ортаңғы құлақтың ісіктері сирек кездеседі.
2021 жылы Қазақстанда бас және мойын қатерлі ісігінің 1 028 жағдайы анықталды. Бұндай диагноздан 500 науқас қайтыс болды. Науқастар мен қайтыс болғандардың үштен екісі ер адамдар.
Бас және мойын қатерлі ісіктерінің көпшілігі көзге жақсы көрінгеніне қарамастан, пациенттердің жартысына жуығы аурудың асқынған сатысында дәрігерге жүгінеді. Мәселен, 2022 жылдың 9 айында бас пен мойынның визуалды локализациясының қараусыздығы 40% – ды құрады.
Маңызды: Қазақстанның амбулаториялық-емханалық ұйымдарында онкологиялық ауруға күдікті “науқастың бағыты” іске асырылуда. Мамандармен консультациялары және қатерлі ісікке күдікті пациенттерді тексеру ЖАСЫЛ дәліз бойынша жалпы кезектілік пен шектеулерден тыс, 18 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. ӘМСҚ жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі кезінде барлық тексерулер, оның ішінде қымбат зерттеулер (КТ, эндоскопия, биопсия және т.б.) тегін өткізіледі.