Қазақстанның онкологиялық қызметінің негізін қалаушы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы

Қазақстанның онкологиялық қызметінің негізін қалаушы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы

2018 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-дың Үлкен конференц-залында Қазақстанның онкологиялық қызметінің негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Нұғманұлы Нұғмановтың 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 Конференцияға денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Актаева; Мәжіліс депутаты Зауреш Аманжолова, профессор, ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, онкология және радиология ҒЗИ директоры Диляра Қайдарова; С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин және басқа да да ғалымдар мен атақты докторлар қатысты.

Конференция жұмысында онкологияның жетекші мамандары, С.Н. Нұғмановтың профессор шәкірттері және үзеңгілестері, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының қызметкерлері және Сәкен Нұғмановтың туыстары мен жақындары қатысты.

Конференция аясында Нұғмановқа арналған «Уақытты озған» атты кітабының тұсаукесері болды. Жинақ ҚазОРҒЗИ қорының құжаттарымен және С.Нұғманов атындағы қордың құжаттарымен, сондай-ақ Сәкен Нұғманұлының отбасы берген материалдар бойынша Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатымен дайындалған.

Жинақта ҚазОРҒЗИ-дың онкологиялық қызметтінің қалыптасуы туралы, Сәкен Нұғмановтың жазысқан хаттары, ол туралы естеліктер мен мақалалар, сондай-ақ, басқа да құжаттар жарияланады. Кітапта ұсынылған мәтіндердің 97% бірінші рет және фотосуреттердің 99% -ы бірінші рет жарияланады.

Анықтама: Сәкен Нұғманов 1918 жылы дүниеге келді. Бала кезінде ата-анасы аштықтан қайтыс болды. Рабфактан кейін Алматы мемлекеттік медициналық университетіне оқуға түсіп, оны 1941 жылы бітірген. Ұлы Отан соғысы кезінде ол майданда шайқасты, тұтқынға алынып және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 1947 жылы медициналық қызметтің капитаны дәрежесінде әскерден қайтқан ол дәрігер болып жұмыс істеді және ғылыми зерттеулермен айналысты.

 1960 жылы Сәкен Нұғманов Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ды құрды және оны басқарды. ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы ретінде республикадағы онкологиялық қызметтің пайда болуының басында болды. Қазақстандағы және Орта Азиялық Республикалардағы Орфарингеальді ісіктердің эпидемиологиясы мен патологиясын зерттеу жөніндегі институт базасында құрылған ВОЗ Бірлескен зерттеу орталығын басқарды.  Кеңес Одағының және әлемнің жетекші онкологтарымен тығыз серіктестік орнатты. Онколог-дәрігерлермен ғалымдардан тұратын ерен жүйріктер тобын дайындады.