ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстандық онкологтар Еуразия мен ТМД елдерінің Онкологтар және РадиологтардыңХ Съезінде Жас ғалымдар байқауында және «Скрининг» секциясында үздік атанды

 

Қазақстандық онкологтар Еуразия мен ТМД елдерінің Онкологтар және Радиологтардың Х Съезінде Жас ғалымдар байқауында және «Скрининг» секциясында үздік атанды. Халықаралық Съезде отандық мамандар Қазақстандағы онкологиялық ауруларды емдеу мен диагностиканың өзекті мәселелеріне арналған әртүрлі секцияларында 15 ауызша және 11 постерлік баяндаманы ұсынды.

 

«Скрининг» секциясында «Қуық асты безі қатерлі ісігінің популяциялық скринингін жүргізу кезінде негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштердің динамикасы» тақырыбына постерлік баяндамасы жеңді. Авторлары: Ишкинин Е.И., Нұрғалиев Н.С., Жылқайдарова А.Ж., Горбунова Н.С.

 

ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ Онкоурология орталығының дәрігері Евгений Ишкинин Еуразия мен ТМД елдерінің Онкологтар және Радиологтардың Х Съезд шеңберінде өткен Жас ғалымдар байқауындажеңімпаз атанды. Жас ғалымдар байқауында Евгений Ишкинин «Қуық асты безінің қатерлі ісігін және популяциялық деңгейде оның агрессивті нысандарын анықтау үшін денсаулық индексінің шегі» тақырыбына зерттеу бойынша баяндаманы ұсынды.

 

Академик Н.Н. Трапезниковқа арналған Еуразия мен ТМД елдерінің Онкологтар және Радиологтардың Х Съезі 23-25 сәуір күндері Сочи қаласында өтті.

Съезд ғылыми кәсіби қоғамдастықты, посткеңестік кеңістіктің барлық аумағындағы ғылыми байланыстарды сақтауға мүмкіндік беретін бірыңғай платформасы болып табылады.

Съезде нейрохирургиядан ортопедияға дейін, сонымен қатар, радиациялық медицинаның, дәрілік қамтамасыз етудің, жаңа ісікке қарсы препараттардың, заманауи хирургияның мәселелеріне, сонымен қатар, күрделі навигациялық жабдықты пайдалану, қатерлі ісіктің әрбір түрі үшін әртүрлі әдістемелерді және ересек пен балалар онкологияның көптеген басқа аспектілерін пайдалану мәселелері, онкологияның барлық тараулары белсенді талқыланады.

 

 

 

 

 

Съезд бағдарламасында онкологиядағы ұйымдық мәселелеріне, қаржыландыруға, дәрілердің қолжетімді мәселелеріне, білімге, ерте диагностикаға, канцер-тіркелімге және т.б. үлкен көңіл бөлінеді.

Бөлек секция өткен 25 жыл ішінде ТМД елдерінде онкологиялық қызмет жұмыстарына және ісікке қарсы күрес нәтижелеріне толық арналды, соның шеңберінде әрбір ел өздерінің жұмыс нәтижелерін ұсыну мен шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігін алды.

Съезд жұмысына Ресейдің, ТМД елдерінің, таяу және алыс шетелдердің жетекші мамандары, соның ішінде Қазақстанның жетекші онкологтар делегациясы қатысты.

 

ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ баспасөз қызметі