ҚазОРҒЗИ резидентурасына құжаттар қабылдау

ҚазОРҒЗИ резидентурасына құжаттар қабылдау

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты резидентураға құжаттар қабылдауды 3 мамандық бойынша жүргізеді:

«Онкология», «Сәуле диагностикасы», «Сәуле терапиясы».

Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын өткізіп жүрген азаматтар шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификаттары бар болса, Test of English as a Foreign Language бағдарламасы бойынша (TOEFL бағдарламасы, межелік балл – 560-ден кем емес), International English Language Tests System (IELTS, межелік балл – 6.0-ден кем емес), Grundbaustein DaF (межелік балл – С 1), Deutsche Sprachprfung Den Hochschulzugang (DSH, межелік балл – С 1), Diplome d' Etudes en Langue franсais (DELF, межелік балл — В 2), Diplome Approfondi de Langue franсais (DALF, межелік балл — С 1), Тest de connaisances de franсais (TCF, межелік балл — не менее 400) магистратураның, резидентураның, адъюнктураның және докторантураның PhD қабылдау емтихандарынан босатылады. Ереже Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 09 шілдедегі № 365 бұйрығының 5-1 тармағына сәйкес толықтырылған.