БАС ЖӘНЕ МОЙНЫ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАСЫНА ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ ӨТТІ

6 қараша 2017

Осы жылдың шілде мен қыркүйегінде Қазақстанда жыл сайынғы кең ауқымды науқан – онколог-дәрігерлердің, стоматологтардың, оториноларингологтар мен денсаулық сақтау саласында жетекші мамандардың қатысуымен бас және мойын қатерлі ісігінің ерте диагностиканың Еуропалық аптасы өтті. Бас және мойны қатерлі ісігінің ерте диагностикасының Еуропалық аптасының мақсаты тұрғындардың медициналық қызметкерлерге уақытылы қаралуды ықпал ететін бас және мойны қатерлі ісіктің ерте белгілері, сонымен қатар диагнозды ерте қою және мамандандырылған көмек көрсету үшін пациенттерді кейіннен жолдау туралы халық пен бастапқы буын дәрігерлердің хабардарлығын ұлғайту болып табылады.

«Бас және мойны қатерлі ісігі қатерлі ісіктердің арасында таралу бойынша әлемде 6-шы орында. Тиімді емдеу әдістерінің болуына қарамастан диагнозды қойғаннан кейін 1-ші жыл аралығында науқастар арасында өлім-жітім 50%-ға жетеді. Егер пациенттер ерте сатыда көмекке жүгінсе, онда ауруды жеңуге болар еді, бірақ әдетте бізге адамдар онкологиялық аурудың соңғы немесе соңғысының алдыңдағы сатысында ғана келеді», – деп Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институт директоры, ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова атап өтті. Жыл сайын Қазақстанда бас және мойынның қатерлі ісігімен 2 мыңнан астам адам ауырады, солардың басым бөлігі аурудың III-IV сатысында көмекке жүгінеді. Өміршеңдігі 80-90% құрайды. Бас және мойынның қатерлі ісігі бар науқастардың жоғары өлім-жітімнің бас себебі – кеш диагностика. Кеш диагностиканың себептері бір жағынан ауру және оның даму тәуекел факторлары туралы халықтың төменгі хабардарлығы, екінші жағынан – медициналық қызметкердің жеткіліксіз білім деңгейі, әр түрлі мамандықтың дәрігерлер арасында қажетті іс-әрекеттерді үйлесімдігінің жоғы болып табылады. Стоматологтар және отоларингологтарда оқыту тар шеңберлі мамандарға онкосақтық болуға және қауіпті белгілерді анықтаған жағдайда зерттеуді жедел түрде тексеруге және диагнозды уақытылы қоюға мүмкіндік береді.

Бас және мойны қатерлі ісігінің оқшаулауы – бұл көмей, ауыз қуысы, жұтқыншақ, мұрын қуысы және мұрын жанындағы қойнаулар, сілекей бездері. Қатерлі ісіктердің жалпы құрылымында бас және мойынның қатерлі ісігі таралу бойынша алтыншы орында тұр. Жыл сайын әлемде бас және мойынның жалпақ жасушалы қатерлі ісіктің 1 млн астам жаңа жағдайлары анықталады, жыл сайын шамамен 700 мың адам қайтыс болады. Анықтағандай, бас және мойынның қатерлі ісік себептері болып табылатын:
• 6,5% науқастарда – симптомсыз және симптомы аз ауру ағыны;
•   17,5% науқастарда – осы салада қатерлі ісіктің мүмкіндігі туралы хабарсыздығы және өзін-өзі емдеу;
• 25,5% науқастарда – жалпы бейін дәрігерлердің (терапевтердің, хирургтердің) жеткіліксіз онкологиялық сақтығы;
• 50,5% науқастарда – оториноларинголог пен стоматологтардың қателері.

Кеш сатыда бас және мойынның қатерлі ісігін емдеу – бұл әдетте мүгедектікке әкелетін және пациенттердің өмір сапасын айтарлықтай нашарлататын жарымжан қылатын операциялар. Аурудың ерте диагностикасы мен адекватты терапиясы науқастың жазылуға деген мүмкіндігін арттырады. Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз және Семей сияқты Республиканың алты ірі қалаларында науқанның бірінші кезең шеңберінде стоматологтар, лор-дәрігерлері және онкологтар Ресей мен Қазақстанның жетекші мамандарынан оқу мен біліктілігін арттырудан өтті. Осы жобаның екінші кезеңі онкологиялық диспансерлер мен емханалардың базасында Алматы, Астана, Шымкент, Семей, Тараз және Қарағанды қалаларында халықты тегін тексеру болды. Мамандардың мультитәртіптік тобымен пациенттерді тегін тексеруі қатерлі ісікке күдігі бар адамдарды анықтауға және ары қарай диагностикалау мен кейінгі емдеуге жіберуге мүмкіндік берді. Тексеріп-қарау 2017 жылдың 18-22 қыркүйекте өтті. Тұрғындар үшін шұғыл желінің тегін телефоны: 8 800 080 05 58 жұмыс істеді. Қазақстанның алты қалаларында тексеруден 811 адам өтті. 123 адамдарда обыралды анықталды. 29 адамдарда бас және мойынның қатерлі ісігі анықталды. Қазақстан 2015 жылы бас және мойынды зерттеушілердің Еуропалық қоғамның мүшесі болды (EuropeanHeadandNeckSociety, EHNS) – бұл 2006 жыды құрылған мультитәртіптік ұйым, оның мақсаты бас және мойынның онкологиялық ауруды зерттеу, соның ішінде оны алдын алу және ерте диагностиканың мәселелері болып табылады. Үшінші жыл қатарынан біздің ел бас және мойны қатерлі ісігінің ерте диагностиканың Еуропалық аптасына қатысады және ол Мерк неміс компаниясы мен Вивафарм компанияның қолдауымен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институттың, Қазақстанның бас және мойын ісіктер қауымдастығының, Қазақстан стоматологтар қауымдастығының белсенді қатысуымен Қазақстан Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің аясында өтеді.