Скрининг мәселелері бойынша ДДҰ Еуропалық конференциясына қатысу

Скрининг мәселелері бойынша ДДҰ Еуропалық конференциясына қатысу

Копенгагенде скрининг мәселелері бойынша ДДҰ Еуропалық конференциясы өтуде. Бұл конференция өңірлерде скрининг бағдарламаларының тиімділігін арттыру, скрининг процедурасынан келетін зияндарды барынша төмендету мәселелерін шешуге бағытталған. Аталған конференцияның мақсаты – скрининг жүргізу тәжірибесін жақсарту және скринингпен байланысты саяси шешімдер қабылдау үшін білім алу және құралдар ұсыну болып табылады. 43 елдің өкілдері, 40-тан астам Еуропалық офис өкілдері қатысады. Қазақстанның атынан ҚазОжРҒЗИ Басқарма төрайымы Д.Р. Кайдарова және скринингтерді бағалау және мониторинг бөлімінің басшысы А.Ж. Жылқайдарова қатысады.
Осы конференцияда Д.Қайдарова қатерлі ісік скринингінің ұлттық бағдарламасын оңтайландырудың қазақстандық тәжірибесін және тиімділікті арттыру мен пайданы барынша арттыру жолдарын ұсынды.