ҚАЗОРҒЗИ-ДЕ ЖУРНАЛ КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚАЗОРҒЗИ-ДЕ ЖУРНАЛ КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2018 жылдың 22 маусымында мамандық кураторларының, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының жетекшісінің және ҚазОРҒЗИ директорының ғылым жөніндегі орынбасарының м.а., З.Д. Душимованың, жас ғалымдар Кеңесінің мүшелерінің, резиденттерінің қатысуымен журнал клубының кеңейтілген отырысы өтті.

Журнал клубының алтыншы отырысының бағдарламасында үш презентация жасалды:

  1. «Ұйқы безі ісігі» тақырыбындағы баяндама. Баяндамашы: Онкология мамандығының бірінші курс резиденті Иннара Туркпенова.
  2. «Ұйқы безі обырын сәулемен диагностикалау» тақырыбындағы баяндама. Баяндамашы: Сәулемен диагностикалау мамандығының бірінші курс резиденті Айдана Акыжанова.
  3. «Ұйқы безі обырын емдеудегі сәуле емінің маңызы» тақырыбындағы баяндама. Баяндамашы: Сәулемен емдеу мамандығында оқитын бірінші курс резиденті Гулнұр Бексейіт.

Сонымен қатар, Сәулемен диагностикалау мамандығының бірінші курс резиденті Ғалымжан Әлішеров «ESOR Astana Tutorial 2018» конференциясына қатысқандығы туралы есеп берді.

Онкология мамандығының бірінші курс резиденті Азамат Аканов «Дұрыс тамақтану – денсаулықты сақтау мен көтеру факторы» тақырыбында баяндама жасады, ол бұрын талқыланған және «Қоғамдық денсаулық сақтау» базалық пәні кезінде оң нәтиже алған болатын. А.С. Шинболатова орталық жетекшісінің ұсынысы бойынша директордың ғылым жөніндегі орынбасарының м.а. З.Д. Душимованың қатысуымен Журнал клубының аясында ары қарай талқылану үшін ұсынылған болатын.

Баяндамалардың мазмұнына, рәсімделуіне, клиникалық зерттеулердің нәтижелеріне және жарияланымдарға сілтемені пайдалану бойынша ұсыныстар енгізілді.