Қазақстанның жетекші онкологтары Тәжікстандағы тәжірибелерімен бөлісті

Қазақстанның жетекші онкологтары Тәжікстандағы тәжірибелерімен бөлісті

2019 жылы 19-20 желтоқсанда Душанбе қаласында Тәжікстан Республикасындағы Қазақстандық Медицина күндері өтеді. Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ның атынан Басқарма төрайымы, ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д. Д.Р. Қайдарова, сүт безі ісіктері орталығының жетекшісі, м.ғ.д., А.Ж. Абдрахманова, бас және мойын ісіктері орталығының жетекшісі, м.ғ.к., М.Е. Қайбаров қатысады.

ҚазОжРҒЗИ басшысы Д.Р. Қайдарова Тәжікстанның онколог-дәрігерлеріне Қазақстанда онкологиялық көмек көрсету және онкологияда дербестендірілген диагностика жөнінде дәріс өткізді. Айта кету керек, онкологиялық көмек көрсетудің қазақстандық үлгісі Орталық Азия елдерінің көрсеткіші болып табылады.

2018 жылы Қазақстанда онкологиялық ауруларға қарсы күрес бойынша Кешенді жоспар қабылданды, ол білікті мамандарды дайындауды, жаңа технологияларды енгізуді және өңірлік онкологиялық мекемелерде жабдықтар паркін жаңартуды көздейді. Жоспар 2022 жылға дейін есептелген. Қазақстанда онкологиялық науқастарды скринингтен өткізу, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражатынан толығымен қаржыландырылады.

Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде жетекші қазақстандық онкологтар Тәжікстанның Республикалық онкологиялық ғылыми орталығы базасында дөңгелек үстелдер, дәрістер мен оқыту мастер-кластарын өткізеді, сондай-ақ Душанбе онкологиялық орталығында онкологиялық науқастарға кеңес береді.

Сүт безі ісіктері орталығының жетекшісі А.Ж. Абдрахманова «Сүт бездерінің ауруларын диагностикалаудың заманауи тәсілдері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Бас және мойын ісіктері орталығының басшысы М.Е. Қайбаров қалқанша безі ісіктері мен жақ асты сілекей безінің ісіктері бойынша көрсеткіш ота жасады.

Тәжікстанның дәрігер-онкологтары қазақстандық әріптестеріне пайдалы және қажетті бірлескен тәжірибесі үшін алғыстарын білдірді.

Осы сапар шеңберінде Қазақстан мен Тәжікстанның медициналық ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.