Нұр Отан партиясының мүшесі А.И.Браткеновпен кездесу

Нұр Отан партиясының мүшесі А.И.Браткеновпен кездесу

2018 жылдың 25 маусымында онкология және радиология институтының конференц залында қызметкерлердің аудандық әкімшіліктің өкілі А.И.Братенковпен кездесуі өтті.

2018 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы дәріс өткізілді. Дәрісті «Қоғамдық жоба» БҰ-ның директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Братенков Александр Иванович оқыды. А.И. Братенков өз дәрісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылатынын атап өтті.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың, сондай-ақ тұтастай алғанда қоғамның қылмыстық көріністерінен құқықтардың, бостандықтардың, заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. А.И. Братенков Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына дәстүрлі түрде елеулі қауіп тудыратынын түсіндірді, бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына әртүрлі дәрежеде теріс әсерін тигізетінін атап өтті. Біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әрбір кезеңін жүзеге асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламалардың құжаттары мен заңнама құқықтарын қолдану практикасына тиісті өзгерістер енгізу арқылы байқалады.

 

2018 жылдың 25 маусымындағы Нұр Отан партиясының мүшесі А.И.Браткеновпен кездесу хаттамасы

2018 жылдың 25 маусымындағы Нұр Отан партиясының мүшесімен кездесу хаттамасы

2018 жылдың 25 маусымындағы кездесуге қатысушылардың тізімі.