2023 жылғы 28-29 қыркүйекте Тбилисиде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде жатыр мойны обырының алдын алу жөніндегі өңірлік Альянстың форумы өтуде. Аталған форумға Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірінің 17 елінен жатыр мойны обырының алдын алу бойынша ұлттық көшбасшылардың сектораралық командалары қатысты.

Қазақстаннан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Басқарма Төрайымы Диляра Радиковна Кайдарова және институттың стратегиялық және инвестициялық даму бөлімінің басшысы Алма Жалеловна Жылкайдарова қатысты, Олар жасөспірім қыздар арасында адам папилломавирусына қарсы екпе жүргізу, сондай-ақ жатыр мойны обыры мен обырдың алдын алу скринингі тәжірибелерімен және перспективаларымен бөлісті.

2021 жылдың қазан айында құрылған бұл Альянс – Үкімет, Денсаулық сақтау басшылары, академиялық және техникалық мекемелер және жеке серіктестіктерді жатыр мойны обырын жою мақсатында біріктіреді.

Альянс ЮНФПА-ның жатыр мойны обырын жою жөніндегі өңірлік стратегиясын іске асыруға ұмтылатын Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы 3 аймақтың орналасқан аумағын және 17 елдің жатыр мойны обырының алдын алу жөніндегі ұлттық көшбасшыларының сектораралық командаларын біріктіреді.