Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакциналар бойынша ДДҰ аймақтық кеңесіне қатысу

Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакциналар бойынша ДДҰ аймақтық кеңесіне қатысу

2023 жылдың 24-26 қыркүйегінде Түркияның Стамбул қаласында адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация бойынша ДДҰ аймақтық оқыту семинары өтті.

Армения, Грузия, Қазақстан, Косово, Қырғызстан, Молдова Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның ұлттық иммундау бағдарламаларының менеджерлері мен жетекші дәрігерлері үшін аймақтық оқыту ұйымдастырылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының семинарына ҚазОРҒЗИ бөлім меңгерушісі, онкогинеколог-маман Толқын Садықова қатысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы Сантьяго-де-Компостела клиникасында (Испания) ДДҰ вакцина қауіпсіздігі орталығымен бірлесіп, адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакциналар бойынша аймақтық тренинг ұйымдастырды.

Оқу мақсаттары:

• АПВ-ға қарсы вакциналарының қауіпсіздігі мен әсері туралы жаңартылған ақпаратты ұсыну және талқылау;
• АПВ вакцинациясы туралы ата-аналармен байланысудың тиімді әдістерін талқылау;
• Денсаулық сақтау қызметкерлерін оқыту үшін ДДҰ-ның АПВ-ға қарсы вакцинациясы бойынша жаңартылған оқу модульдерін ұсынып, вакцинация бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз ету.

Кездесу қатысушылардың АПВ-на қарсы вакцинасының қауіпсіздігі мен әсері туралы білімдерін жақсартуға, АПВ вакцинасына сенімділікті арттыруға және жасөспірім қыздардың ата-аналарын АПВ вакцинациясы туралы хабардар ету әлеуетін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау мамандарын оқу материалдарымен және әдістемесімен қамтамасыз етіп, халықпен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін біліктілігін арттыруға ықпал етеді.