Алматыда «Сенің мектебіңдегі қызғылт кішкентай лента» акциясы басталды

Алматыда «Сенің мектебіңдегі қызғылт кішкентай лента» акциясы басталды

Бүгін «Сенің мектебіңдегі қызғылт кішкентай лента» акциясының басталу шеңберінде Алматы қаласының Наурызбай және Түркісіб аудандарында білікті дәрігер-маммологтар мұғалімдерді тексеруден өткізуді бастады. Мектеп оқушыларының демалыс күндерін пайдаланып, біз орта мектептің 2 мыңға жуық әйел-қызметкерлерін тексеруді жоспарлап отырмыз.

Бұл AVON компаниясымен, «Бірге обырға қарсымыз» Қорымен және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жобасы. Өткен жылдар тәжірибесі көрсеткендей мұғалімдер онкологиялық аурулардың кеш анықталуы бойынша қауіп тобына жатады. Уақыттың жетіспеушілігі, жоғары жұмысбастылық дәрігерге келмеудің және скринигтік қарап-тексерілуден өтпеудің ең жиі басты себептері болып табылады. Көп жағдайда бұл қорқынышты жабуға арналған сылтаулар. Ал, қорқыныштың негізінде ең басты кезекте білместік жатады.

Әзірге емханамызда дәрігер-маммолог жоқ деген шағымды, уақыт тапшы деген сылтаулардың барлығын жою үшін біз мектепке өзіміз келдік. Біз мектепке мифты сейілту үшін және кез келген сұрақтарға жауап беру үшін келдік. Тіпті біреуде өміріне қауіп төндіретін ауру анықталған жағдайда, біз ол аурудың кеш болмай тұрып, дәл қазір анықталғанына қуанамыз.