Астанада «Онкологиялық аурулары бар науқастарды басқару, ерте диагностикалау және емдеуде алғашқы медициналық-әлеуметтік қызметтердің рөлі» тақырыбында конференция өтті.

Астанада «Онкологиялық аурулары бар науқастарды басқару, ерте диагностикалау және емдеуде алғашқы медициналық-әлеуметтік қызметтердің рөлі» тақырыбында конференция өтті.

2018 жылдың 26 қазанында АМСК бойынша ДДҰ-ның Жаһандық Конференциясы шеңберінде Астана қаласында «Онкологиялық аурулары бар науқастарды басқару, ерте диагностикалау және емдеуде алғашқы медициналық-әлеуметтік қызметтердің рөлі» тақырыбында сессия өтті.

Бұл іс-шара ҚазОжРҒЗИ ұжымымен ұйымдастырылды. Оның мақсаты скринингтік бағдарламалар кезінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметінің проблемаларын, ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің көрсетілуін қамтамасыз ету, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің рөлін және күнделікті жұмысында диспансерлердің алдында тұрған проблемаларды көрсету болды.

Сессияға қатысуға және интерактивті пікірталас өткізуге Еуропалық Одақтың жалпы практика дәрігерлерінің профессоры Др.Жак де Халлер, Тбилиси Мемлекеттік Медицина университетінің вице – ректоры Иракли Кохрейдзе шақырылды.

Др.де Халлер өзінің баяндамасында жалпы тәжірибе дәрігерлерінің мәселелері туралы, ең алдымен онкологиялық аурулардың алдын алу саласындағы проблемалары жайлы, онкологиялық науқастарға амбулаториялық ем көрсету мәселелері және обырдың ерте симптомдары бойынша ЖТД-ны үздіксіз оқыту қажеттілігін, онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы салауатты өмір салтын насихаттауда ЖТД-ның маңыздылығын сызып көрсетті. Бұдан басқа, онкологиялық емдеудің экономикалық мәселелері, дәрілік заттардың қымбаттауы және медициналық рәсімдер, сондай-ақ науқастарға түсіндіруде және көмек көрсетуде жалпы практика дәрігерінің рөлі талқыланды.

Профессор Кохреидзе аудиториямен интерактивті қарым-қатынас кезінде скринингтен өту қажеттілігі, скринингтен өту ерекшеліктері, скринингтік бағдарламалардан өту кезінде жоспарлау мен жүргізудегі жіберілуі мүмкін қателер, тәжірибелік нұсқаулықтар мен скринингтік стандарттарды әзірлеу қажеттілігі туралы халықты ақпараттандыру жайында егжей-тегжейлі айтып берді.

Сессияның модераторы, ҚазОРҒЗИ директоры, академик Д.Р. Қайдарова Қазақстанда қатерлі ісік скринингін өткізген 10 жылдан астам тәжірибесімен бөлісті. Қазақстанда ДДҰ миссиясымен IMPACT сарапшыларының көмегімен қазақстандық скринингтік бағдарламаларды халықаралық талаптарға бейімдеу мүмкін болды. Қазір Қазақстанда негізгі локализация бойынша тегін скринингтердің 3 түрі жүргізіледі: сүт безі обыры, жатыр мойыны обыры және колоректальды қатерлі ісік.

Пікірталаста Қазақстандағы паллиативтік көмек Қауымдастығының Төрағасы және «Бірге обырға қарсымыз» Қорының президенті Гүлнара Кунирова, Астана қалалық диспансерінің басшысы, Мадаскар Денсаулық сақтау министрі және басқа да сессия қатысушылары сөз сөйледі.

08Jun 23

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдары «Asfen.forum, жаңа ұрпақ-2023» 1-ші Халықаралық форумында жүлделі орындарға ие болды.

5-6 маусым Алматы каласында «Asfen.forum, жаңа ұрпақ-2023» 1-ші Халықаралық форум өтті. 1-ші Халықаралық «Asfen.Forum, жаңа буын - 2023» өскелең ұрпақтың шығармашылық белсенділігін ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе және зерттеу…

read more
23Jun 22

«Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии» и Ассоциация онкологов и радиологов РК приглашают вас посетить прямую трансляцию.

Дорогие коллеги, добрый день! «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии» и Ассоциация онкологов и радиологов РК приглашают вас посетить прямую трансляцию телесеминара на тему: «Современные подходы к лечению НМРЛ». При…

read more
28Jan 22

8 февраля 2021г. в 14-30 час состоится заседание №1 Ученого совета АО «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии»

Повестка заседания Ученого совета:   Утверждение обновленного состава Ученого совета Казахского НИИ онкологии и радиологии. Переутверждение Положения об Ученом Совете. Докладчик: ученый секретарь Гончарова Татьяна Георгиевна   Отчет о работе…

read more