АНОНС

АНОНС

16 қазан күні сағат 14:30-да Талдықорған қаласындағы облыстық көпсалалы ауруханада (облыстық онкодиспансер) сүт безі обырымен күрес айлығы аясында Қазақ онкология және радиология ҒЗИ жетекші мамандарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Кешенді жоспар іс-шараларын іске асыру шеңберінде ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымының докторы Д.Р. Қайдарованың басшылығымен ҚазОРҒЗИ мамандарынан құрылған мониторинг мен бағалау тобы 15-17 қазан аралығында Талдықорған қаласына сапары жоспарланған. Мамандар қатарында жетекші маммолог, бөлім меңгерушісі мен м.ғ. д. Абдрахманова А. Ж, жетекші онкогинеколог м. ғ. к. Кукубасов Е. К және стратегиялық даму қызметінің басшысы Шатковская О.В. бар.
Сапар барысында институт мамандары клиника дәрігерлеріне ұйымдастыру-әдістемелік көмекті көрсетуді және операция жасауды жоспарлап отыр.
17 қазан күні өтетін ашық есік күні ҚазОРҒЗИ мамандары облыс тұрғындарына кеңес береді.
Өтетін орны: Облыстық көпсалалы клиника. Талдықорған қаласы, Абай көшесі 316 (кіру Жамбыл Жабаев көшесінен).

Диляра Каидарова
оксана Шатковская
Yerlan Kukubassov