«ҚазОжРҒЗИ» АҚ, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентурада оқыту бойынша конкурстық қабылдау жариялайды.

«ҚазОжРҒЗИ» АҚ, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентурада оқыту бойынша конкурстық қабылдау жариялайды.

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» Акционерлік қоғамы келесі мамандықтар бойынша 2022-2023 оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентурада оқыту бойынша конкурстық қабылдау жариялайды:

1 7R01115 Радияциялық онкология оқу мерзімі – 2 жы
2 7R01124 Ересектер онкологиясы оқу мерзімі – 2 жыл

 

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы:

Алматы қ., Абай даңғылы 91, 9-қабат, 903 кабинет.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 16:00-ге дейін.

Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін

Құжаттарды қабылдау, емтихан және қабылдау мерзімдері:

Өтініштерді қабылдау – 2022 жылғы 04-25 шілде аралығында

Қабылдау емтихандары – 2022 жылғы 08-16 тамыз аралығында

Оқуға қабылдау – 2022 жылғы 28 тамызға дейін

Жұмыс телефоны: +7(727) 2920061 ішкі нөмер 148

Электрондық мекенжайы: residency_kazniioir@mail.ru

 

Қажетті құжаттар тізімі  

 Резидентураға түсуші тұлғалар 2022 жылғы 4-25 шілде аралығында қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  1. «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Басқарма Төрайымының атына өтініш (үміткерлер өтініште таңдаған білім беру бағдарламасын көрсетеді);
  2. Нотариалды куәландырылған: транскриптімен ЖОО бітіргені туралы дипломның көшірмесі; транскриптімен бакалавриатты бітіргені туралы дипломның көшірмесі; интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі;
  3. Еңбек өтілі бар болған жағдайда еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  4. 3х4 см 6 фотосурет;
  5. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі (бар болса);
  6. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін);
  7. Ақылы негізде оқуға түсушілер үшін шарт жасасуға және оқу шығыстарын төлеуге кепілдік беретін хат;
  8. 075-у медициналық анықтамасы;
  9. Деканның қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталған интернатурадағы қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің нәтижесі («Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ (ҰТЕО) өткізетін тестілеу;

Егер интернатураны бітірген жылы тестілеу жүргізілмесе, онда оқуға түсуші қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырғанға дейін «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша тестілеуді ҰТЕО-ға тапсырады.

  1. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда), жарияланымға электрондық сілтеме көрсетілген рецензияланатын журналдарда (оның ішінде БҒСБК) жарияланымның болуына сілтеме;
  2. Бакалавриат және интернатурадағы алдыңғы білімнің есептелген GPA баллы;
  3. Шарт жасасу және оқу шығындарын төлеу туралы ұйымнан кепілдік хат (ақылы негізде оқуға түсушілер үшін);
  4. Резидентурада оқуын аяқтағаннан кейін 3 жыл бойы жолдама бойынша мемлекеттік грантты өтеуге келісім.
  5. Құжаттар тізімдемесі.

Өзіңізбен бірге тігіндегіш (скоросшиватель), кішкентай хатқалта (конверт), файл болу керек.

Ескертпе: тізімде көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылады.

Резидентураға түсетін талапкерлер емтихандар кестесіне сәйкес таңдаған мамандығы бойынша түсу емтихандарын тапсырады.