Қазақстанның онкологтары 2022 жылдың Дүниежүзілік онкологиялық Конгресске қатысуда

Қазақстанның онкологтары 2022 жылдың Дүниежүзілік онкологиялық Конгресске қатысуда

ҚазОРҒЗИ басқарма төрайымы, Академик Д.Р. Қайдарова бастаған қазақстандық делегация 18-20 қазанда Женевада (Швейцария) өтетін Дүниежүзілік Онкологиялық Конгресс жұмысына қатысуда.

Конгресс аясында әлемнің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарының жетекшілерімен кездесулер жоспарланған.

Сонымен қатар, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты «ТМД және Еуразиядағы ерте анықтау және скринингтік бағдарламалар. Тұрақты дамуға трансформация арқылы стратегия» атты секциясының ұйымдастырушысы ретінде қатысып отыр.