Бас және мойын ісіктері бойынша Ашық есік күні

Бас және мойын ісіктері бойынша Ашық есік күні

Қазақстанда 2023 жылғы 5-11 маусым аралығында бас және мойын ісіктері туралы хабардар болу апталығы шеңберінде еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында бас және мойын ісіктерін ерте анықтау бойынша Ашық есік күндері өтті.

Онколог-мамандар 835 адамға кеңес берді, оның ішінде 390 пациентке зерттеу (УДЗ, цитология) жүргізілді, 60 пациентте (7,2%) қатерлі ісікке күдік туды, оның 59-да ісік алдындағы процесс анықталды, сонымен қатар, 358 пациентте (42,9%) ісікке қатысы жоқ басқа аурулар анықталды.

Бас және мойын ісіктеріне әр түрлі локализацияның қатерлі ісігі жатады, көбінесе ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей ісіктері кездеседі. Ерте кезең кезінде бас және мойын ісіктері басқа аурулар тәрізді жүреді. Қан айналымы процестің тез таралуына ықпал етеді, ал хирургиялық емдеу көп жағдайда мүгедектікке алып келуі мүмкін.

Егер сіз тіліңіздің ауырсынуын, ағарып немесе қызарғанын, емделмейтін жаралардың пайда болуын, тығыздалу, тамақтың ауыруы мен жұтыну кезінде ауырсыну сезімі, тұрақты дауыстың қарлығуы байқасаңыз, ұзақ уақыт бойы мұрыннан қанды су ағуы, бір жақты мұрын бітелуі болса жедел арада дәрігерге қаралыңыз.

Ісікті ерте анықтау өмірді сақтайды!