Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдары «Asfen.forum, жаңа ұрпақ-2023» 1-ші Халықаралық форумында жүлделі орындарға ие болды.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдары «Asfen.forum, жаңа ұрпақ-2023» 1-ші Халықаралық форумында жүлделі орындарға ие болды.

5-6 маусым Алматы каласында «Asfen.forum, жаңа ұрпақ-2023» 1-ші Халықаралық форум өтті.

1-ші Халықаралық «Asfen.Forum, жаңа буын – 2023» өскелең ұрпақтың шығармашылық белсенділігін ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе және зерттеу нәтижелері туралы ақпаратпен алмасу үшін академиялық қауымдастықтар, зерттеушілер мен жас ғалымдарды біріктіруге бағытталды. Форумның негізгі міндеті – білім беру, ғылым, тәжірибе және бизнесті интеграциялау аясында ұзақ мерзімді ынтымақтастық мақсатында тәжірибеші ғалымдар арасында нетворкинг және бірлескен байланыстар орнату үшін платформа құру. Қатысушылар өз жетістіктерін көрсетіп, идеялары мен көзқарастарымен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби түрде ұйымдастырылған семинарлар мен курстарға қатысты, онда олар медициналық білімге деген құштарлығымен бөлісетін басқа да ынталы және дарынды жас зерттеушілермен кездесті. Бұл барлық қатысушыларға тың көзқарастары мен идеяларымен бөлісуге, ғылымның дамуына жаңа энергия әкелуге бірегей мүмкіндік болды.

Форумда «Кардиология», «Онкология», «Гинекология», «Педиатрия», «Хирургия», «Урология»,
«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Биомедицина», «Фармация», «Стоматология», «Спорттық медицина және оңалту» және «Мейірбике ісі» секцияларында ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелері қарастырылған болатын.

Онкология секциясы бойынша үздік баяндамалар байқауына ҚазОжРҒЗИ жас мамандары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 9 баяндама арасында Қалдыбеков Даурен Болатұлы, ҚазОжРҒЗИ хирург онкогинеколог, ҚазҰМУ 1-ші оқу жылының PhD докторанты, «Эндометриялық қатерлі ісікті ерте сатысында консервативті емдеуден кейінгі жүктілік. Клиникалық жағдай» атты баяндамасы үшін 1-орын иеленді.

Зекебаев Мирас Дюсенгалиұлы ҚазОжРҒЗИ сәулелі терапия дәрігері, «Радиациялық жүтеменің орташа дозасын бағалаудың құлақ маңы сілекей бездеріне әсері және мойын ісіктеріне сәулелік терапия жүргізу кезінде ксеростомияның даму қаупі» атты баяндамасы үшін 2-орын иеленді.

Жасаралова Айнұр Асанқызы ҚазОжРҒЗИ сәулелі терапия дәрігері, «Сәулелік терапияға бекітудің психологиялық аспектілерін зерттеу» атты баяндамасы үшін 3-орын иеленді.

Жүлдегерлер сертификатпен және 1 орынға 200 000 теңге, 2 орынға 150 000 теңге және 3 орынға 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Құттықтаймыз!