Француздық зерттеушілер тобы сүт безі қатерлі ісігінің скринингін жетілдіру жобасы бойынша Қазақстанға келді.

Француздық зерттеушілер тобы сүт безі қатерлі ісігінің скринингін жетілдіру жобасы бойынша Қазақстанға келді.

Француздық зерттеушілер тобы сүт безі қатерлі ісігінің скринингін жетілдіру жобасы бойынша Қазақстанға келді.

2023 жылғы 15-21 қаңтар аралығында Француздық зерттеушілер тобы сүт безі қатерлі ісігінің скринингін жетілдіру жобасы бойынша Қазақстанға келді. ​

Қазақстанға алғаш рет келген Француздық зерттеушілер тобының құрамында Кюри институтының СЗМ президенті және халықаралық даму бөлімінің басшысы Ж. Сустье, маммографиялық скрининг бойынша маман – доктор А. Лезур, медициналық менеджмент бойынша кеңесші – Л. Монтевекки, алғашқы көмек бойынша маман – Л. Кислиг секілді жетекші мамандар болды.

Сапар барысында француз мамандары Алматы қалалық емханаларына, Алматы және Жетісу облыстарының аудандық емханаларына, оның ішінде Алматы онкологиялық орталығына, №4, №23 қалалық емханаға, Алматы өңірлік көпбейінді клиникасына, Қарасай көпбейінді ауданаралық ауруханасына, Жетісу облысының облыстық көпбейінді клиникасына, Ескелді ауданының орталық республикалық ауруханасына, Қаратал ауданынының орталық Республикалық ауруханасына және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сүт бездерінің ісіктері орталығына барды.

Шетелдік мамандар қазақстандық әріптестерімен декреттелген халыққа маммографиялық тексерулер жүргізуді, маммограммаларды оқу мен мұрағаттауды, терең диагностиканы (нысаналы маммография, ультрадыбыстық зерттеу, пункциялық биопсия) талқылады.

Олар маммографиялық скринингтің әртүрлі кезеңдерін өткізумен танысты, мамандармен сұхбат жүргізді, сүт безі обырын ерте диагностикалау бағдарламасына қатысуды бағалады, емханалар мен онкологиялық орталықтардың басшыларымен, диагностикалық бөлімшелердің меңгерушілерімен (маммография және УДЗ), профилактика және салауатты өмір салты бөлімшесінің мамандарымен, рентгенологтармен, рентген-зертханашылармен, жалпы практика дәрігерлерімен, орта медицина қызметкерлерімен, онкологиялық орталықтардың мамандандырылған консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің мамандарымен жұмыс аспектілері талқыланды.

Жоба Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ның Кюри институтымен (Франция) ынтымақтастық жөніндегі меморандум шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Францияның онкология, медициналық мекемелерді басқару және медициналық қызметтер көрсету саласындағы жетекші зерттеу және медициналық орталықтары арасындағы әріптестіктің маңыздылығы ҚР Президентінің 2022 жылғы қарашадағы Францияға сапары кезінде Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның бірлескен мәлімдемесінің мәтініне енгізілгенін атап өткен жөн.

оксана Шатковская
Alma Zhylkaidarova
Ambassade de France au Kazakhstan – Посольство Франции в Казахстане
Institut Curie