С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ды аралады

С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ды аралады

С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ды қарап шықты. «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ Басқарма Төрайымы Д.Р. Кайдаровамен бірге бөлімшелер мен орталықтарды аралап шықты.
Ректор радиология және ядролық медицина бөліміне, Томотерапия орталығына, ПЭТ/КТ орталығына, Балалар онкологиясы орталығына және Меланомалар, сүйектер және жұмсақ тіндер ісіктері орталығына барды, жаңартылған реанимация және қарқынды терапия бөлімін және операциялық блокты тексерді.
Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстанда алғаш рет ҚазОжРҒЗИ-да онкоортапедияда бірегей реконструктивті-пластикалық оталар (3D протездеу) жүргізіле бастады.
2021 жылдың қазан айында ҚазОжРҒЗИ базасында Томотерапия орталығыны ашылды. Ол жерде 2022 жылы әртүрлі жалпы процестері бар 388 науқас емделді.
2019 жылдан бастап республикада өкпе обыры бар науқастарға (EGFR, PDL1, ALK, ALK/ROS1 гендерінің мутацияларын анықтау), тері меланомасына (BRAF генінің мутацияларын анықтау) және колоректальды обырға (KRAS генінің мутацияларын анықтау) диагнозды нақтылау және дербестендірілген терапияны тағайындау мақсатында мақсатты (таргетные) және иммунологиялық препараттарды іріктеу үшін молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізілуде. 2022 жылы молекулалық-генетикалық тестілеу 6000-нан астам пациентті қамтыды.
2018 жылы Қазақ онкология және радиология ҒЗИ базасында ПЭТ/КТ-орталығы ашылды. Ол ең жаңа General Electric Healthcare discovery IQ жабдықтарымен жабдықталған. 2022 жылы ҚазОжРҒЗИ базасында ПЭТ/КТ тексеруден 5600 пациент өтті.
ҚазОжРҒЗИ-да пациенттерге жоғары технологиялық қашықтықтан сәулелік терапия (томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT), интраоперациялық сәулелік терапия, органдар мен тіндердің биотрансплантациясы, аз инвазивті хирургия ұсынылады. Клиникалық тәжірибеде әртүрлі биологиялық маркерлерді (иммуногистохимия, молекулалық-генетикалық зерттеулер) анықтау бойынша қызметтер ұсынылады, бұл онкологиялық науқастарды дербестендірілген емдеуге мүмкіндік береді және қатерлі ісіктердің молекулалық-биологиялық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Елімізде онкологиялық көмекті жетілдіру 2026 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың Концепциясын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Kazakh National Medical University
@Marat Shoranov
Диляра Кайдарова