ҚР ДСМ БАС ОНКОЛОГЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ COVID-19 ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ҚР ДСМ БАС ОНКОЛОГЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ COVID-19 ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ДСМ Бас онкологы, ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д. Диляра Қайдарова онкологиялық науқастарды коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау бойынша халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын айтты.

«Онкологиялық аурумен ауыратын пациенттерді жағдайына қарайвакцинациялау қажет. Иммуносупрессивті науқастарда иммунитет қалыптасуы қиын болуы мүмкін екенін ескерген жөн», – деді NCCN, МСК, ASCO ұсыныстарын айтқан Д.Қайдарова.

Сонымен қатар, қазір вакцина екі рет салынатынын ескере отырып, онколог емдеуді бастау немесе жалғастыру мерзіміне қарай шешім қабылдауы керек. Әсіресе,бұл енді ем бастаған науқастарға қатысты. Мұндайда вакцинацияны тек мРНҚ вакциналармен жүргізу керек.

«Қалай болғанда да, мРНҚ-ны вакциналармен егу туралы шешімді онколог және мультидисциплинарлық топ қабылдайды», – деп түсіндірді академик.

Шешім қабылдау кезінде пациент үшін қауіптер, жасы, жалпы жағдайы, қандағы лейкоциттер мен нейтрофилдердің деңгейі, пациенттің болжамы бағаланады. Мысалы, тек гормондық терапиямен ауыратын науқастар COVID-19 вакцинациясына жатпайды.Хирургиялық емдеуге жіберілетін пациенттер хирургиялық араласуға дейін немесе одан кейін вакцинацияланады. Қатты ісігі бар пациенттер мамандандырылған ем басталғанға дейін 2 апта бұрын (мүмкіндігінше) вакцинацияланады. Цитостатикалық ем қабылдайтын пациенттер қажет болған жағдайда ем аяқталғаннан кейін вакцинацияланады.

Хирургиялық емдеуге жіберілетін пациенттер хирургиялық араласуға дейін немесе одан кейін вакцинацияланады. Қатты ісіктері бар пациенттер мамандандырылған ем басталғанға дейін 2 апта бұрын (мүмкіндігінше) вакцинацияланады. Цитостатикалық ем қабылдайтын пациенттер қажет болған жағдайда ем аяқталғаннан кейін вакцинацияланады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта онкологиялық науқастарда COVID-19 туралы мәліметтер аз. Тірі вакциналармен вакцинация бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Ресейде онкологиялық науқастарға «Спутник V» вакцинациясы бойынша клиникалық зерттеулер енді ғана басталды. Қазақстандық вакцина бойынша деректер жоқ. Ең бастысы-әр пациентке жеке көзқараспен қарау қажет. Бұл ретте антиденелердің деңгейін тексерудің қажеті жоқ», – деді Д.Қайдарова