Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында «Сүт безі қатерлі ісігінің скринингінің сапасын арттыру» семинары өтті.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында «Сүт безі қатерлі ісігінің скринингінің сапасын арттыру» семинары өтті.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында сүт безі обырын скринингтік тексеру сапасын арттыруға арналған семинар өтті. Семинар маммография скринингімен айналысатын рентгенологтарға арналған.
Семинардың спикерлері мен модераторлары – Мәскеу, Санкт-Петербург және ҚазОРҒЗИ мамандары бар.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының стратегиялық және инвестициялық даму бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты А.Жылқайдарова «Қазақстан Республикасындағы сүт безі обырын скринингтік тексерудің нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.
Контрасты спектрлік маммография туралы ҚазОРҒЗИ радиология және ядролық медицина кафедрасының дәрігері А.Айнақұлова атап өтті.
«И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің радиациялық диагностика және сәулелік терапия кафедрасының доценті» (Санкт-Петербург), м.ғ.к. И. Солнцева сүт безі обырының скринингінде УЗД орны туралы айтып берді.
Маммографиядағы жиі жіберілетін қателерді жайлы «Н.Петров атындағы Ұлттық медициналық онкология ғылыми орталығы» (Санкт-Петербург) федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің рентгенологы, м.ғ.к. А.Черная баяндады.
«Еуропадағы сүт безі қатерлі ісігінің скринингінің заманауи көрінісі» тақырыбы бойынша баяндаманы «EMEA аймағындағы әйелдер денсаулығы, GE HealthCare» клиникалық жетекшісі Ла Фэй Камиль жасады.
Ильинская госпиталінің маммология орталығының меңгерушісі, Мәскеудегі ғылыми-практикалық клиникалық орталықтың сарапшысы О.Пучкова «Сүт безі обырының рентгендік семиотикасы» баяндамасымен таныстырды.

Семинарда сонымен қатар күрделі клиникалық жағдайларға талдау жасалды. Және сканерлеудің озық әдістері тамашаланды. Спикерлер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Семинар GE HealthCare қолдауымен өтті.