Франция президенті Э.Макронның Қазақстанға сапары аясында Қазақстан-Франция бизнес форумы өтті.

Франция президенті Э.Макронның Қазақстанға сапары аясында Қазақстан-Франция бизнес форумы өтті.

Бизнес-форум барысында «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ (Қазақстан) басқарма төрайымы Д.Қайдарова мен «C3Medical» (Франция) компаниясының бас директоры Джером Суастье мырза Астанада жеке емханаларға пункция жасау мүмкіндігі бар цифрлық маммографты қолданатын заманауи цифрлық визуализация жүйесі енгізу бойынша пилоттық жоба туралы меморандумға қол қойды.
Жоба ілеспе оқыту және сапаны жақсарту бағдарламаларын, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының радиологтарының «қалыпты маммограммаларды» қайта оқуына арналған орталықтандырылған PACS жүйесін, француздық технологиялық шешімдер мен онкологиялық скринингтік бағдарламалар саласындағы арнайы әдістемелер арқылы енгізеді.
«C3Medical» компаниясы ауруханаларға, сақтандыру компанияларына және мекемелеріне консультациялық қызмет көрсетуге және қолдау көрсетуге маманданған. Компания Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы және басым міндеттеріне сәйкес жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін айтарлықтай тәжірибе, ресурстар, серіктестік, оның ішінде адами, өндірістік және технологиялық серіктестіктерді әзірледі.