Онкологиядағы Бүкіләлемдік көшбасшылар Саммиті, Нұр-Сұлтан қаласы 15-17 қазан, 2019 ж.

Онкологиядағы Бүкіләлемдік көшбасшылар Саммиті, Нұр-Сұлтан қаласы 15-17 қазан, 2019 ж.

15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Онкологиядағы Бүкіләлімдік көшбасшылар Саммиті (World Cancer Leaders’ Summit 2019) өтеді. Өтетін орны «Hilton Expo Hotel» және «Expo Астана» Конгресс орталығы.
Саммиттің ұйымдастырушылары Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (АЭжХА) және обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттікпен (ОЗжХА) әріптестікте обырды бақылау жөніндегі халықаралық одақ (UICC) болып табылады. Саммиттің қабылдаушы тарабы – Қазақ онкология және радиология ҒЗИ.
Онкологиядағы Бүкіләлемдік Көшбасшылар Саммиті қатерлі ісікке қарсы күреске әсер ететін жаһандық шешімдерге айрықша ықпал етуге арналған жоғары деңгейдегі жыл сайын өтетін аса маңызды саяси кеңес болып табылады. Саммит жұмысына қатерлі ісікке қарсы күрестің 350-ден астам негізгі көшбасшылары қатысады – бұл жоғары лауазымды әлемдік көшбасшылар, мемлекет басшылары, денсаулық сақтау министрлері, бірінші ханымдар мен корольдік отбасылардың мүшелері, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдарының, дүниежүзілік ұйымдардың басшылары: UICC Президенті Оның корольдік Жоғары Мәртебелісі, Ханшайым Дина Майред, Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің (ОЗжХА) бас директоры д-р Элизабет Вайдерпасс, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
2019 жылғы Саммиттің тақырыбы – «Обыр және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту». Обырды анықтау, емдеу және күтім көрсету Денсаулық сақтау қызметтерімен (UHC) жалпыға бірдей қамтуды енгізу жөніндегі жаһандық амбицияның бір бөлігі ретінде қаралатын әртүрлі әдістерге шоғырланатын болады.

Саммиттің алдын-ала бағдарламасы: https://www.uicc.org/…/2019-world-cance…/preliminary-agenda…