ҚазОРҒЗИ дәрігерлерінің Ресей онкоурологтар қоғамының XIII Халықаралық Конгресіне қатысуы

ҚазОРҒЗИ дәрігерлерінің Ресей онкоурологтар қоғамының XIII Халықаралық Конгресіне қатысуы

2018 жылдың 4-5 қазанында Мәскеуде Ресей онкоурологтар қоғамының XIII Халықаралық (РОУҚ) Конгресі өтті.

Онкоурологтар Конгресінде Қазақ онкология және радиология ҒЗИ қызметкерлері келесі тақырыптар бойынша 4 баяндама жасады:

«Аймақтық перфузиямен бірге суық ишемия жағдайында бүйректің интракорпоральды резекциясы» (Н.С. Нургалиев, Е.Р. Бурумкулов, Б.Т. Онгарбаев, Н.С. Тен, З.Б. Гасанов); «Қуықалды безі қатерлі ісігін ерте диагностикалау бағдарламасы үшін өмір сапасын сақтау құнын модельдеу» (Н.С. Нургалиев, Е.И. Ишкинин, А.Ж. Жылкайдарова).

Жас ғалымдар секциясында «Асқынған ісік тромбозының бүйрек қатерлі ісігін хирургиялық емдеу барысындағы жекеленген мерзімді нәтижелері» (Н.С. Нұрғалиев, Е.И. Ишкини, З.Б. Гасанов) және «Қаңқа сүйектерінің метастатикалық зақымдануы кезіндегі простата обырына паллиативті сәулелік терапия жасау» (А.А. Гончарова, К.Б. Райымжанов (2 курс резиденттері), Н.С. Нургалиев, Е.И. Ишкинин) тақырыптарында баяндама жасалды.

Сонымен қатар, постерлі баяндамалар да жасалды:

1). «Аймақтық перфузиямен бірге суық ишемия жағдайында бүйректің интракорпоральды резекциясы».

2). «Қаңқа сүйектерінің метастатикалық зақымдануы кезіндегі простата обырына паллиативті сәулелік терапия жасау»

Слайд онкоурологи